Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 23 мамыр күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және комитеттердің осы аптаға жоспарлаған іс-шараларын пысықтады.
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланады
496
оқылды

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды.

Құжатта екінші деңгейлі банктер үшін жеке тұлғаға әйелінің немесе күйеуінің келісімінсіз қарыз беруге тыйым салу туралы норма қарас­тырылған. Келісім қажет болатын кредитті алу тәртібі мен оның ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде ай­қындалады.

Сонымен қатар палата бюросы 24 мамыр күні «Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасында экономиканың өңдеуші секторын дамыту» тақырыбына арналған пар­ламенттік тыңдау өткізу туралы қаулы қабыл­дады.

Мәулен Әшімбаев аталған тыңдаудың маңызды әрі өзекті екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өңдеу секторын жедел дамыту арқылы мықты өнеркәсіптік негіз қалып­тастыруды тапсырған болатын. Сенат Төрағасы бұл ретте ел экономикасының бәсекеге қабілет­тілігін арттыру үшін жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру қажет екенін атап өтті.

Одан бөлек, бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты ко­митеттерге бөлініп берілді.