Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Халықаралық музейлер күніне орай өткен түнгі іс-шарада келушілер назарына тосынсый ретінде ғұлама жәдігерлері ұсынылды.
Тағылым мектебіндегі мереке
660
оқылды

Оның ішінде ағартушының 2021 жылы табылып, қалпына келтірілген домбырасы, 1912 жылы жарық көрген «Әліб-бій» оқу құралы және 1998 жылы ға­лым­ның 125 жылдығында беріл­ген белгілі пианист Жанар Сүлей­манованың концерттік афишасы бар.

Тағылым мектебінде өткен іс-шараға Алматының нөсер­леткен ақ жауынына қарамастан, 700-ден аса адам келіп, түнгі му­зей­ді тамашалады. Іс-шара бары­сында Ахмет Байтұрсынұлының Орынбордағы өмір кезеңінен көрініс қойылды. Атап айтсақ, Ахмет пен Бадрисафаның бала­лары Аумат пен Шолпанға дөң­гелек үстел басында кітап оқуға баулып отырғаны қамтылды.

Бұл көрініс келушілердің көңіл кілтіне қозғау салып, Ахмет пен Бадрисафаға сауал жолдап, ұл-қызының ағартушы өлеңдерін жатқа оқығанының куәсі болды. Тарихи көріністі жадына сақта­ғысы келген жұртшылық кезең кейіпкерлерімен естелікке сурет­ке түсті.

Іс-шара қонағы Ахмет Байтұр­сынұлының немере інісі Амандық Шайменденұлы көңілі толқып, жастарға ақ батасын берді.

Нұрайлым СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ, 

Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің қызметкері