Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: Qazaqstan TV
522
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін елдің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соның әсерінен бірнеше өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда да бұршақ жауып, Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Ел аумағы бойынша жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі.

Қарағандының оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі бар.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.