«Қара нарықта» алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңге болды.
Павлодарда жасырын есірткі зертханасы жойылды – ҰҚК
634
оқылды

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден астам «мефедрон», 2 тонна прекурсор, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

«Қара нарықта» алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңге, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.