Теңге құны ОПЕК бойынша мәміленің сәтсіздігі мен мұнай бағасының құлдырауы туралы хабарланғаннан кейін төмендеп кетті. Қазірдің өзінде доллар бағасы 397 теңгеге дейін шарықтап кетті. Осы орайда экономист Айдар Әлібаевтан АҚШ валютасы бағасының қалай өзгеруі мүмкін екенін сұрап көрдік.
"Бүгін демалыс болғандықтан биржа жұмыс істеп тұрған жоқ. Ертең не болатыны белгілі болады. алайда, бұгіннің өзінде ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 390-нан асып кетті. Осыған қарап 400 теңгеден асуы әбден мүмкін екенін айтуға болады", – дедә ол.
Сарапшының айтуынша, біз сияқты экспортқа тәуелді елдерге ұлттық валютаның девальвациясы қатты әсер етеді.
"Қазақстанда ірі зауыт-фабрикалар жоқ. Өзіміз көп нәрсе өндірмейміз. Бәрін, тіпті, азық-түлікті, киім мен аяқкиімді, керек-жарақтың өзін шетел валютасына сатып алып жүрген соң мұның бәрі қымбаттайтыны сөзсіз. Бірақ жалақы сол деңгейде қалғандықтан қазақстандықтардың өмір сүру сапасы нашарлайды" – деді экономист.