Асылымның әкесі мен көршісі қайғылы жағдай пікір білдірді.
Дәретханадан табылған 3 жасар қыздың өлімі: көршісі мен әкесі пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желіден
1,907
оқылды

Үш күн бұрын жоғалып, дәретханадан өлі табылған 3 жастағы Асылымның мәйіті 20 мамырда жер қойнына тапсырылды. Асылымның әкесі мен көршісі қайғылы жағдайға пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Асылымның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған еді.

«Мұны өзіміз де білген жоқпыз. 16 мамырда ағасы үйге іздеп келді. Жарты сағаттан кейін далаға шықтым, әлі табылмапты. Содан күні-түні ұйықтамай, үш күн қарадық. Бармаған жеріміз қалмады. Ақырында біздің үйдің дәретханасынан шықты. Болғаны сол», – дейді көршісі.

Әкесі көршісіне ешқандай реніші жоғын, қызының ойнап жүріп, түсіп кеткенін айтады.

Еске салайық, үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында қақпаның жанында ойнап жүріп, артынша із-түзсіз жоғалып кеткен.

Құтқарушылар мен сүңгуірлер каналдар мен ауладағы септиктерді, құдықтарды тексерген. Іздестіру шарасына полиция, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

19 мамыр Асылымның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.