Оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Подкастта әдепсіз сөздер айтқан қазақстандық блогерге 7 күнге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды
Фото: istockphoto.com
1,246
оқылды

Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан блогер жауапқа тартылды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

Сотпен, YouTube видео хостингінде К.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғаны анықталды. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде таралған.

Сот отырысында К., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен К., ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.