Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде найзағаймен және қатты желдің күшеюімен жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде бұршақ, түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Жаңбыр, қар, бұршақ: 22 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
6,604
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде найзағаймен және қатты желдің күшеюімен жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде бұршақ, түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман, екпінді жел болады деп күтілуде.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.