«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Таңсәрі жоғалған әйелдің хабарласқанын айтты.
Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы табылды
Фото: Nemolchi.kz
9,191
оқылды

Оралда 26 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы Айнагүл есімді келіншек табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Таңсәрі жоғалған әйелдің хабарласқанын айтты.

«Айнагүл байланысқа шықты. Өзінің суреттерін алып тастауды өтінді. Алаңдаған достары мен әріптестеріне алғыс айтты. Бізге хабарласқан адамның дауысы Айнагүлдікі екеніне көз жеткіздік», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда 3 баланың анасы Айнагүл жоғалған кезде оның күйеуі бір апта оны іздемеген. Қорға оның достары мен әріптестері хабарласып, көмек сұраған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.