24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда орталықта жауын-шашын жаңбыр қарға ауысады, кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі.
"Жаңбыр қарға ұласады": 23-25 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: okg.kz
10,489
оқылды

«Қазгидромет» РМК 23-25 мамырға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттар салдарынан еліміздің барлық дерлік аймақтарында найзағай, бұршақ және екпінді желмен жаңбыр жауады. 24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда орталықта жауын-шашын жаңбыр қарға ауысады, кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі. Тек кейбір күндері батыс және оңтүстік аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбырдың тоқтауы болжанады.

Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарындағы Скандинавия түбегінің аудандарынан жоғары қысымды аймақтың енуімен түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін үсік болады, күндізгі уақыттарда солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда 5-13 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағындары температураның 20-30 градус жылыға дейін жоғарылауына себеп болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.