Түркістан облысындағы ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «AMANAT» партиясының «Қа­рыз­сыз қоғам» әлеуметтік жобасы ая­сындағы семинар ауыл шаруа­шы­лығы колледжінің базасында жал­ғасты.
Ауыл әкімдері қаржылық біліктілігін арттыруда
1,231
оқылды

Облыстық қаржы басқармасының үй­лес­тіруімен өтіп жатқан семинар жұ­мы­сы­ның екінші легінің ашылу рәсіміне «AMANAT» партиясы Түркістан облыс­тық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев қатысты.

Табысқа жету жолында билік пен бұ­қара теңдей қадам басып, егіз қимыл жа­сауға тиіс деп білеміз. Партиямыз бас­та­­­машыл болған «Қарызсыз қоғам» жо­басы – азаматтарымызды несиеге бай­ла­нып, қарызға өмір сүру көзқарасынан арыл­тып, отбасылық кірістің қисабын жүр­гізудің ұтымды әдістеріне үйретумен аза­маттарды қажетсіз шығынға ұрынып қалудан сақтандырады.

Мемлекеттік билік құрылымында ха­лықпен тікелей байланысып, етене жұмыс жүр­гізетін лауазым иелері ауыл әкімдері. Осы тұрғыдан ойластырылған семинарда ауыл әкімдері қарызсыз қоғам құрудың не­гізгі миссиясын меңгеріп, ауыл аза­мат­тарын отбасылық табыстың дұрыс есебін жүр­гізуіне жәрдемшілік қызметін көрсе­теді.

«Қарызсыз қоғам» жобасының мәні мен мазмұнын түсіндіріп өткен Ал­тын­са­ры Дүйсенбекұлы, өзекті әлеуметтік проб­лемаға айналып отырған мәселеге Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ай­рықша назар аударғанын жеткізді. «Осы орай­да, «AMANAT» партиясының Төра­ға­сы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бас­тамасымен азаматтардың қаржылық сауат­тылығын көтеруді көздейтін «Қарыз­сыз қоғам» жобасы іске қосылды. Нәти­же­сінде, өткен 2023 жылы бұл жоба облы­сы­мызда сәтті жүзеге асырылып, 14 600-ден астам азамат оқытылды. Ал биылғы жыл­дың 4 айында облыста төрт мыңнан ас­там азамат білімін шыңдайды», – деді Ал­тынсары Дүйсенбекұлы.

Айта кету керек, үш күндік семинар­дың ал­ғашқы легі 13 мамырда Түркістан қа­ла­сы­нан бастау алып, оған Арыс, Оты­рар, Бәй­­дібек, Созақ, Сауран, Кентау аумақ­­та­ры­нан 62 ауылдық округ әкімдері қа­тыс­ты, оқу курсына толық қатысқандар ар­найы сертификаттарға ие болды. Се­минардың екінші легінде Түлкібас, Сай­рам, Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы аудан­да­­рынан 65 ауылдық округтерінің әкім­дері қаржылық білімдерін жетілдіру үс­тін­де. 

«AMANAT» партиясының Түркістан об­лыстық филиалы «Қарызсыз қоғам» жо­басы аясындағы оқу курстарының бе­кі­тілген кесте бойынша өтуін тұрақты ба­­­­­қылауына алған.

Берік БЕК