Түркия астанасы Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халық­ара­лық ұйымының Бас хат­шысы Сұлтан Раевтың «Ақ Ләй­лек» драмасы қойылды. Шығарманы Нартай Беке­жанов атындағы Қызыл­орда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры­ның өнерпаздары сахналады.
Түркияда «Ақ Ләйлек» драмасы сахналанды
751
оқылды

Спектакль желісі жетім қыз­дың қиын тағдыры арқылы өрі­леді. Науқас әжесімен арадағы диалогқа негізделген қойылым қоғамдағы ащы шындықты бей­нелей отырып, терең ой салады. Қазақ тіліндегі спектакльді көру­ге келген жергілікті көрермен өнер­паздарға зор қошемет көр­сетті.

«Спектакль өткен жылы ғана Түркістанда өткен Raiymbek Fest I фестивалінде ең үздік әйел бей­несін Жанардың рөлін сомдаған біздің жас қызымыз алды. Бізде негізі екі-ақ адам басты рөлде ой­найды. Содан кейін екі кісі ғана эпизодқа қатысады, – деді қоюшы режиссер Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлы.