Дархан Жолшыбеков сотқа түсірілген шағымға 20 мың теңге көлемінде ғана алимент төлей аламын деп жауап берген.
Танымал блогер некесіз туған қызына сот шешімімен алимент төлейтін болды
Фото: instagram/darhanzholshybekov
920
оқылды

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына 110 мың 760 теңге алимент төлейтін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айдана Сапарбекова есімді қыз Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Ж-ның танымал блогер бола тұра, қызына аз мөлшерде алимент төлейтінін айтып, шағымданған.

Дархан Жолшыбеков сотқа түсірілген шағымға 20 мың теңге көлемінде ғана алимент төлей аламын деп жауап берген. 

Сот мәліметінше, бұрын сот шешімімен Ж-ның кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Істі қарау барысында блогер жалақысы 70 000 теңге көлемінде екені туралы анықтама ұсынған.

Осы орайда, банк анықтамаларынан Дарханның есепшотында қомақты қаражат бар екені, қымбат, бренд заттар сатып алып, туризм және демалыс мақсатында елден тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 141-бабына сәйкес ата-аналар арасында кәмелетке толмаған балалар үшін алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда және алимент өндіріп алғанға барабар жағдайларда ата-ананың табысы және  өзге де табысы мүмкін болмаса, қиын немесе тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзса, сот ай сайын белгіленген ақшалай сомада немесе бір мезгілде өндіріп алынатын алимент мөлшерін анықтауға құқылы”, – делінген хабарламада. 

Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және өзге де кірісі бар ата-анадан немесе ата-ана жалақыны және өзге де кірісті толық немесе ішінара заттай алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.

Соттың шешімі бойынша, іс негізінде анықталған мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің басқа да кірістерін ескере отырып, баланың мүддесін ескере отырып, сотталушы Дархан Жолшыбектің пайдасына 30 АЕК (110 мың 760 теңге) тұрақты сомада алимент өндіру туралы шешім қабылданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.