Орал қаласының маңындағы саяжайлар түгел суға кеткені туралы бұған дейін айтқанбыз. Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде Жайық пен Шаған өзендері қатар көтеріліп, Жайықтың жайылмасында орналасқан саяжайларды түгел су алып кетті.
Саяжайдағы баспана, болмайды енді бас пана
940
оқылды

13 мыңдай адам эвакуацияланды. Халық Орал қаласында жасақталған эвакуациялық пункттерге орналасты. Қазір су деңгейі түсіп Самал, Речник, Венера саяжайларындағы үйлерге техникалық тексеріс жүргізіле бастады. «Өкінішке қарай, Орал қаласы маңындағы саяжайлардың 70 пайызы әлі суда тұр», – дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

Суға кеткен үйлерге техникалық тек­серіс жүргізетін комиссия алдымен Орал қаласының тұрғыны Виктор Киверовтың үйіне келді. 

Бұл үй – Самал шағынауданы ата­нып кеткен саяжайдағы үй. Жасырып қай­теміз, Самал ықшамауданы ығай-сы­ғай­лар тұра­тын аудан. Бұл жақта жазда маса болмайды, қыста қары уа­қытылы таза­­­ланатын мекен. Бірақ та­биғи апат, ел басына келген қиын­дық халықты тапқа бөлмейтіні бар. Ағын су қарапайым қара қазақтар тұратын 1,2,3 сая­­­­жай­­ларды қа­лай шәйіп кетсе, осы «Са­мал» саяжайын да солай су басып қалды. 

Хош, сонымен техникалық тексеріс жұмыстары басталды. Мамандар үйді айналып, іргетасынан бастап, төбесіне дейін толығымен қарап шықты. 

Виктор Киверовтың үйіне су екі рет кірген. 

– Бірінші толқында су терезеге дейін жетті. Екінші толқында су терезеден асып кетті. Үйдің ішіндегі бүкіл мүлік бү­лінді. Қаладағы бір бөлмелі пәтерді сатып, ақшасына осы үйді тұрғызып едік. Қа­­шанғы бір бөлмеде қамалып отыра­мыз, кең жерде тұрайық деген ой болған. Бұл жердің суға кететінін білдік. 2011 жы­лы су тасқы­нында да суға кеткен. Бірақ ол кезде су тек үш күн тұрып, тартылып қал­­ған. Көрші­лерден сұра­ғанда дүние мүлік қатты бүлін­бегенін айтты. Сосын осы жерді алып едік. Ал биылғы су тас­қыны екпіні қатты. Су әлі тұр. Үйдің іші түгел ылғал, – деп мұңайды Виктор Киверов. 

Иә, биылғы су тасқыны 2011 жылғы тас­қынға ұқсамайды. Ол жылы су тез тартылып еді. Ал қазір жаз басталуға са­­нау­лы күн қалса да су әлі тартылар емес. 

– Біз қолдан келгенше техникалық тексеру жұмыстарын ұйымдастыра бере­міз. Судан өтіп бара алатын жерлерге ко­миссия барып жатыр. Өкінішке қарай, саяжай­лардың 70 пайызы әлі суда тұр. Біз саяжай­лардағы суды сору жұмыстарын ұйымдас­тырып жатырмыз. Бірақ оның өзі мүмкін болған жерлерде ғана жүр­гізіледі. Себебі бір бөліктегі суды сорып, екінші жағаға лақтырсақ, ол жағада да саяжай бар. Ол жерде де тұрып жатқан халық бар. Міне, осындай қиындықтар болып тұр, – дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсеғалиев. 

Осы уақыт аралығында Виктор Киве­ровтың үйіне тексеріс аяқталып, біз ма­мандарды сөзге тарттық. 

– Бұл үй өте сапалы салынған. Ірге­тасы биік, әрі өте сапалы құйылған. Қа­быр­ғалары да мықты материалдан қалан­ған. Төбесі де бүтін. Тұруға жарамды үй. Енді бізден кейін бағалаушылар келеді. Үйге келтірілген шығынды баға­лай­­­ды. Бұл үй апатты емес. Сондықтан тек жөн­деу жүргізу қажет, – деді Вик­тордың үйін қа­рап шыққан сарапшы Мейрамбек Идрисов. 

Самал шағынауданында жоғарыда айтқанымдай бай қуатты адамдар тұрады. Сондықтан да үйдің сапасы жақсы болуы заңды. Бірақ қала маңындағы саяжай­лардың бәрінде байлар тұрмайды. Бүгінде қаладағы 1,2,3 саяжайлар мен Нұрлы жол саяжайлары әлі суда тұр. Ал осы аудандар­да қарапайым адамдар тұрады. 

– Бұл үйдің есіктері мен едені қатты бүлінген. Жардағы түсқағазды толық ауыс­­­тыру керек. Ас үйдегі жиһаздарға су тиіп беттері көтеріліп кеткен. Біз әр үйді қарап шыққан соң мүлікті бөлек, тұрғын үйді бөлек есептеп шығарып береміз. Кә­­дімгі сметалық құжат жасақталады. Сол смета бойынша тұрғындарға шығыны өте­леді, – дейді бағалаушы компания өкілі Тоқтамыс Хамзин. 

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, қазір үйлері жарамсыз болып қалған саяжай­­лық­­­тарға үй берудің үш тәсілі қарасты­­рылып жатыр. Бірінші тәсіл, нарықтағы жаңа үйлерді сатып алып беру, екіншісі – екін­ші нарықтағы үйлерден үй алып беру, үшіншісі – саяжайлықтарға арнап жаңа жерден үй тұрғызу. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы