«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы да ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет бас­шысының бұл тұжырымдамасы бүгінде­­ қалың ел тарапынан қолдау тау­ып отыр.
Тотыдай таранған Түркістан
2,164
оқылды

Демек, халық пен билік арасында тығыз қатынас орнаған жағ­дайда өзекті мәселелер де, ше­шімін табатыны белгілі. Бүгінде Президентінің 2022 жылғы 3  нау­рыздағы Әкімдердің халықпен кез­десулерін өткізу туралы Жар­лығына сәйкес және жергілікті би­ліктің халықпен кері байланысын нығайту жөніндегі тапсырмасына ор­ай, жергілікті билік өкілдері халықпен жиі кездесіп, есеп беріп, жеке қо­ғамдық қабылдаулар өткізіп тұрады. Мұндағы ортақ мақсат – халық­тың билікке және жалпы мемлекетке деген сенімін арттыру. 

Ең бастысы, азаматтардың сын­дарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беруді көздейтін тұж­ы-рымдама аясындағы тірлік­тің нәтижесі бар. Қазір халықтың жергі­лікті билікке деген қолжетімділігі жоғары. Бекітілген кестеге сай түзілген кездесулер, қабылдаулар кезінде өздерін мазалаған сау­ал­дарын ашық, тікелей қоя алады. Осылайша, «әкім бол, халқыңа жа­­­­қын бол» деген сөз бүгінде әр әкімнің ұстанымына айналып келеді. Әсіресе, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұ­рашбековтің бекітілген кестеден бөлек, демалыс күндері және таң атпай ел ішінде жүргенін жиі байқаймыз. Күн сайын түрленіп, түлеп келе жатқан киелі Түркістан шаһарындағы қайнаған құры­лыс алаңында, жөнделіп не болмаса салынып жатқан инфрақұрылым жұмысының басынан табылып жүр. 

Мәселен, Түркістан қаласының өзінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бекітілген жоспар бойынша қаладағы 6 сектор аумағында жыл сайын 2 реттен 12 кездесу өткізілуі керек. Дегенмен жо­ға­­­рыда атап өткеніміздей, тұрғындармен бекітілген жоспардан тыс кездесулер жиі болып тұрады. Нұрбол Әбдісаттарұлы Түркістан қаласына әкім болып келген соңғы 3 жылда тұрғындармен 108 мәрте кездесу өткізіпті. Яғни, 3 жылда 6 сектор тұрғындарымен 36 рет кездесу жоспар­лан­ғанымен, оны 3 есеге артығымен орын­­даған. Қала басшысының тікелей қадағалауының нәтижесінде тұрғындарды мазалаған 1 215 сауалдың 1 203-інің шешімі табылып, бүгінде қалған 12 мәселе заң аясында қаралуда. Одан бөлек, 85 рет өткізілген жеке қабылдауда 924 адамды қабылдаған.

Ал жыл басынан бері 12 рет тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, 69 азаматтың өтінішіне құлақ түрген. Тұрғындардың өтініш-тілегі негізінде жауапты мекемелерге 80 тапсырма беріліп, оның қазірге дейін 56-сы орындалып отыр. Атап өтейік, тұрғындар өтініші негізінде оры­ндалған жұмыстардың қатарында Түркістан қаласы Отырар шағын ауданындағы көпқабатты 36 үйге табиғи газ қ­ұ­­бы­­ры тартылды, Бекзат секторында сая­бақ құрылысы жүруде. Сонымен бірге О.Жарылқапов атындағы стадион қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Бекзат секторында екі жерде жаяу жүргіншілерге арналған теміржол өткелі салынып жатыр. Т.Бокин көшесіндегі көп­­қа­батты үйлердің аулалары абаттандырылды. Тізімге қарасақ, осылайша жұмыс нәтижесі жалғаса бермек. 

Түркі әлемінің туризм астанасы

Жуырда Түркістан қаласының соңғы жылдары бой көтеріп, көрікті қалаға айналған «Жаңа қала» аумағы мен көне Түркістанның байланысы аясындағы жұмыстардың барысын, тұрғындардың өтініші негізіндегі атқарылып жатқан шараларды таныстыру мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері баспасөз туры барысында Түркістан облысы­­­ның орталығы Түркістан қаласының шынында да сәт сайын көркейіп, ұлғайып, дамып келе жатқанын көріп, жергілікті биліктің жүйелі жұмысына тағы бәр мәрте­ көз жеткізді. Айтқандай, Түркі мемлекет­тері ұйымының туризм саласы бойынша отырысында Түркістан қаласын Түркі әл­емінің 2024 жылғы туризм астанасы атағын беру туралы бастамасы қолдау тапқан. Былтыр өңірге 1 мил­лионға жуық қонақ келсе, биыл турист одан он есе көп келеді деп күтілуде. Облыс орталығы болған 6 жылда Түркістанда бір сәтке де құрылыс тоқ­­та­ған емес. Қонақтар әр келгенінде жаңа­дан қосылған әлеуметтік нысандарды, ойын-сауық орындарын, жаңа зәулім үйлерді көріп жатады. Мәселен, бір ғана тұрғын үйді айтар болсақ, 2020 жылы Түр­кістанда 496 пәтер пайдалануға берілген. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 2,3 есеге артып, 2023 жылы нақты 3 933 пә­­­тер ел игілігіне ұсынылған. Оның ішінде көпқабатты тұр­ғын үйлер 9 есе­ге көбейіп, 3 жылда 199 тұрғын үйде 10 767 отбасы пәтер кілтін алды. Әне-міне пайдалануға берілгелі тұрған дайын тұрғын үйлер де бар. Дәл қазір Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты 20 үйдің құрылысы қызу жүріп жатыр. 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталыпты. Пәтерлерді нарық бағасы­нан төмен, яғни шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге ұсынбақ. 

Түркістанда сонымен бірге жаңа қаламен бірге ескі қала да назардан тыс қалмаған. Бұл туралы Түркістан облыс­тық ардагерлер алқасының мүшесі Қыдырәлі Рысбеков айтып өтті. «Халық қаланы «Жаңа қала», «Ескі қала» деп ауызша екіге бөліп атайды. Алайда ескі қала да ескерусіз қалып жатқан жоқ. Об­лыс орталығы болған 6 жылда ауыз тол­тырып, мақтанып айтарлықтай жетіс­тіктеріміз көп. Қаншама мәдениет, спорт, медицина, білім, демалыс орындары салынды. Міне, ескі қаламызда әде­мі мәдениет үйі, оның жанында заманауи Жастар орталығы салынып жатыр. Қаламыз жасыл аймаққа айналды. Мұның барлығы да Президентіміздің қазіргі жүргізіп жатқан саясатының ар­қа­­­сын­дағы жұмысты жүйелі іске асыруда облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың орны ерекше екенін атап өткен жөн. Ұлтымыздың ба­қытты болашағына бірге жетейік», – дейді түркістандық ақсақал. 

Иә, байырғы түркістандықтар отырған көне қалада да заманауи үлгідегі жаңа ғимараттар, жол құрылысы, инфра­құры­лым жұмыстары қарқын алыпты. Ерекше стильдегі Жастар орталығында арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр, электронды кітапхана бөлмесі құрылып, үйірмелерге арналған бөлмелермен, шағын спортзал және көпфункционалды залдармен қамтылмақ. Ал Жас­тар орталығының жанында тұрғы­зы­лып жатқан Мәдениет сарайы 500 орын­­­­ға арналыпты. Құрылысы былтыр бастал­ған нысан келер жылы пайдалануға бе­­­ріл­­мек. Мұнда өнерпаздарға арналған ашық алаң­нан сахна, саябақ, авто­тұрақ және балалар ойын алаңшасы салынбақ. 

Айта кетейік, жалпы дәл қазір облыс ор­талығында 61 нысанда құрылыс жұ­мыс­­тары жүргізіліп жатыр. Оның 8-і әлеу­мет­тік­ нысан, 3 саябақ, 5 қабатты 20 тұрғын үй­ құрылысы мен 30 нысанда инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде. Бұдан бөлек, облыс орталы­ғында 5 спорт кешенінің құрылысы қар­қынды. М.Тұрсынов көшесінде орна­лас­қан стадион жаңғыртылып, сон­­­­­дай-ақ «Парасат» саябағын реконструк­циялау жұмыстары атқарылуда. Шаһарда Белсенді демалыс саябағы мен айналма жол бойында демалыс­ аймағы жа­­сақ­талуда.

Жан мен тәнді қатар емдейтін орталық

Сонымен бірге тұрғындар сұранысы бойынша жуырда Бекзат мөлтек ауданында «Белсенді ұзақ өмір» орталығының №1-ші филиалы ашылыпты. Зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған орталыққа келу­шілер саны 3 000-ға дейін жеткен. Мұнда жасында бейнет етіп, бүгінде оның зей­не­тін көріп отырған қарияларымызға барлық жағдай жасалған. Зейнет жасында күнұзақ үйінде отырғаннан гөрі осында келіп, өз қатарластарымен бірге шахмат ойнап, массажға, тұз шахтасына, түр­лі жаттығу залына кіріп денсаулығын жақсартады, көңілін көтереді. Жан мен тәнді қатар емдейтін орталықта ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын іс-шара өтіп жатыр екен. 

Бұл күні БАҚ өкілдері орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысымен де танысты. «Бекзат» мөлтек ауданындағы 118 көшені қамтамасыз ететін жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысы қызу жүріп жа­тыр. Бұл – жоба-жоспар аясындағы бір ғана кәріз жүйесінің құрылысы. Белгіленген жобалар толықтай іске асырыл­ған жағдайда қала аумағын кәріз жүйесімен қамту 80 пайызға жетпек.

Түркістанның бренді – шеберлер көрмесі. Иә, Түркістан қаласында қолөнер бұйымдарын жасау – ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан үрдіс. Қалада Turkistan Qol oner одағы қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Құрамында 115 мү­ше тіркелген. Сонымен қатар «Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі» бар. Мектепте 475 оқушы өз өнерін шың­дап, ата дәстүрді игеруде. Түркістан қаласында қолөнершілерді қолдау мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көр­­­­­­ме­­­­­­­­­­лері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылады. Түркістанға келген қонақтар міндетті түрде жергілікті қолөнерші­лердің қолынан шыққан бұйымды ес­телікке алып кетеді. Бұл да болса түркі елінің туризм астанасы атан­ған Түркістан қаласының бренді екені сөзсіз. Осы тұста тағы бір жәйтті айтсақ, туризм саласындағы еліміздегі алғашқы бейінді мемлекеттік университет Түркіс­танда осыдан 5 жыл бұрын ашылған. Халықаралық туризм және меймандостық университеті деп аталатын жоғары оқу орны биыл алғашқы түлектерін ұшырмақ. Өзінің білім беру бағдарламаларына дуаль­­ды оқыту элементтерін енгізген Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны халықаралық және ішкі туризм, экскурсия­лық қызмет көрсету мен жеке турларды ұйымдастыру, туристік дестинациялар менеджменті, ұйымдастырыл­ған туризмді бас­қару және экскурсиялық-анимациялық қызмет, спорттық туризм, спорттық сауық­тыру фитнесі ма­мандық ретінде алғаш рет осы­ университетте оқытыла бастапты. Бір­қатар шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімге ие білім ордасының бітірушілері биылдан бастап шетелде және елімізде туристік бағыттағы қызмет түрлерін көрсет­етін болады. 

Қонақтар осылайша жергілікті билік тарапынан Түркістанда түркі елінің туризм астанасына лайықты көз сүйсінер тындырым­ды тірліктің бар екенін, халық үніне құл­ақ асатын мемлекет тұжырым­дамасының іс жүзінде нақты жүзеге асып жатқанын­ көзбен көрді. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы