Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
2,501
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республиканың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ел аумағы бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.