Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 мамырда сағат 20:07-де жер сілкінісін тіркеді.
Қытай аумағында бес рет жер сілкінді
Фото: istockphoto.com
6,408
оқылды

Қазақстандық сейсмологтар 23 мамыр күні Қытай аумағында болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 23 мамырда сағат 20:07-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 481 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы – 4.6. Жер сілкінісінің координаттары 41.60° с.е. 82.24° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Екінші жер сілкінісі сағат 20:38-де тіркелген. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 492 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.7. MPV магнитудасы – 4.4. Жер сілкінісінің координаттары 41.60° с.е. 82.24° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

Үшінші жер сілкінісі сағат 21:05-де тіркелген. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.2. MPV магнитудасы – 4.0. Жер сілкінісінің координаттары 41.97° с.е. 82.63° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

Арада алты минут өткенде, сағат 21:11-де төртінші жер сілкінісі тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 493 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.3. MPV магнитудасы – 4.5. Жер сілкінісінің координаттары 41.98° с.е. 82.68° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

23 мамыр күні сағат 22:38-де бесінші жер сілкінісі тіркелді. 

Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 482 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 9.9.MPV магнитудасы – 4.1. Жер сілкінісінің координаттары 41.56° с.е. 82.33° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.