Полиция аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Сайрам ауданында жасөспірімнің мәйіті табылды
1,185
оқылды

Жасөспірім бірнеше күннен бері үйіне келмегендіктен туыстары полицияға шағымданған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

– Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге болмайды, – делінген ведомство тарапынан таратылған ақпаратта.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.