Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған. 
Су тасқыны: 356 отбасы тұрғын үй мен пәтер алды
1,182
оқылды

Қазақстан Үкіметі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасуда.

Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды.

356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды.

Айта кету керек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті.

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.