Премьер-Министрдің Қаулысы бойынша облыс аумағы ұлғайды.
Маңғыстау облысының шекарасы өзгереді
Фото: gov.kz
1,973
оқылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаулы 2024 жылдың 2 маусымнан бастап күшіне енеді.

– Маңғыстау облысының шекарасы Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен аумақтық сулардың сыртқы шегін өлшеуге арналған негіздік сызықтар арасындағы жерлерді ( 1 638 837,5075 га) Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен өзгертілсін, – делінген құжатта.

Маңғыстау облысының шекарасына енгізілген өзгерістер:

  • Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • Солтүстік-Шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • Оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
  • Оңтүстік-шығыс шекара Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
  • Батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.

Маңғыстау облысындағы аумақтық сулар (теңіз) ені бойынша облыс шекарасынан бастап бастапқы сызыққа дейінгі аумақ мынадай:

  • Ақтау қаласы бойынша 87171,2282 гектар;
  • Бейнеу ауданы бойынша 81805,1200 гектар;
  • Қарақия ауданы бойынша 513287,6044 гектар;
  • Маңғыстау ауданы бойынша 150105,7313 гектар;
  • Мұнайлы ауданы бойынша 49808,5611 гектар;
  • Түпқараған ауданы бойынша 756659,2625 гектар.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.