Алдағы үш күнде еліміздегі ауа райы қандай болады?
Қар аралас жаңбыр, екпінді жел: алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
11,546
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алдағы үш күнде еліміздегі ауа райына солтүстік циклон әсер етіп, қар аралас жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

– 25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамыр күндері орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда, 26 мамырда шығыста жаңбыр, қар жауады. Өз кезегінде, Скандинавия аймақтарынан келетін ауқымды антициклон ықпалымен республиканың батысында күн ашық болады, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Жақындап келе жатқан салқын ауа массалары әсерінен 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында түнде және таңертең ауаның температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.