Оқиға орнына қосымша техникалар жіберілді.
Атырауда тасқын су Соколок каналын жарып кетті
4,457
оқылды

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Соколок" каналы Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын судан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша нығайту жұмысы жүргізілді. Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер үшін қосымша техникалар жіберілді" – делінген Атырау облысының жедел штабының мәліметінде.

Баян Жанұзақова, Атырау облысы 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.