Биыл Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етіп отыр. Дәлірек айтқанда, 6 ұйым.
ШЫҰ: «Үш зұлым күшпен» күрес
1,905
оқылды

Олардың  арасында  2024 жылы Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім  шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы тәрізді  жаһандық геосаясатта  өз орны бар құрылымдар да бар. Әсіресе, ШЫҰ-ның жөні бөлек. Шілденің басында  Астанада осы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының  саммиті өтеді. Ал осы аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше  елдердің  сыртқы саясат ведомстволары  жетекшілерімен кездесу өткізді.

Мемлекеттің сыртқы саясатында Президенттің меймандарды қабылдауы, түрлі құжатқа қол­ қоюы, әртүрлі плафтормада кез­десулердің өтіп тұруы, қал­ып­ты құбылыс. Өйткені  ХХІ ға­­сыр  томаға-тұйық өмір кешетін, қақ­паны жауып алатын заман ем­ес. Қазақтың «бармасаң, келмесең – жат боласың...» дейтін ұлағаты  тура мағынасында  өмір шынды­ғына айналған дәуір бұл. Оның үс­тіне,

отыз жыл бұрын америка­лық ойшыл Сэмюель Хантингтон айтқан өркениеттер мен көз­­қар­астар арасындағы шиеленіс тереңдеп бара жатқанға ұқсайды. Кез келген ұлт пен мем­лекетке төнетін қауіп-қатер де аз емес. 1945 жылдан кейін ор­ныққан  халықаралық құқық­тық норма­лардың орындалуына қат­ысты да күмән көп. Жаһан­дағы барлық мемлекеттің мүдде­сін қорғауға, қажет кезінде әділ­дік орнатуға тиіс БҰҰ-ның да қау­­қар­сыз болатын тұстары жиі байқалады. «Жаһандық оңтүстік» дейтін саяси термин бұрынғыға қарағанда жиі айтылатын болды. Бір қарағанда Батыс үстемдігіне қарсы саяси-экономикалық блок­тар құрыла бастағанға немесе сондай құбыл­ыс­тардың ал­ғыш­арттары қалып­тасып келе жатқанға ұқсайды. Әрк­­ім  қатар­дан қалғысы келмейді. Ал көштен қалмау үшін алыс-беріс, барыс-келіс үзілмеуі керек. Қазақ­стан сыртқы саясатының астарында да осы үрдістен қалмау, елдің ұпай­­ын түгендеу мақсаты тұрса керек. ШЫҰ сияқты ірі ұй­ым­­дарда белсенділік танытатынымыз да содан. 

Негізі, ШЫҰ – ірі ұйым. Жер көлемі жағынан  бұл ұйымға тең келер құрылым жоқ. Әлемдегі аумағы ең ірі 10 мемлекеттің   төртеуі – Ресей, Қытай, Үндістан және Қазақстан осы ұйымға мүше. Халық саны жағынан  алдына қара салмайды. Мұны Президент Қ.Тоқаев та айтты. «Қазірдің өзінде біздің ұйымға Еуразия құрлы­ғындағы он мемлекет мүше. Бұл елдерде жер ша­ры халқының жартысына жуығы тұрады, сондай-ақ әлем­дік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-сат­тықтың 15 пайызы осы мемлекет­терге тиесілі. Қазақстан ШЫҰ-ның төрағасы ретінде Ұйымның әлеуетін одан әрі арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды», – деді Мемлекет басшысы. Әрі ұйым әлеуеті артып келе жатқа­нын да атап өтті. Президенттің айтуынша, ШЫҰ-ның цифрлық, туристік және энергетикалық салалар бойынша ұйымдас­тыр­ылған форумдарын қоса алғанда, 100-ден астам іс-шара өткен. Ұйым мүшелері экология, ки­бер­­­қауіп­сіздік, климаттың өз­ге­р­­уі, тұрақты даму, энергетика, көл­ік және мәдениет тәрізді  түр­­лі бағытта тізе қоса жұмыс іс­­теп жатыр. Мәс­елен, Қазақ­стан­ның бастамасымен 2024 жыл  ұйым аясында Экология жылы болып жария­ланған. Одан бөлек, «Киелі  орындар» жобасы жүр­гізіліп жатыр. Деген­мен ШЫҰ-ның негізгі бас­ым­дығы аймақ­тағы қауіп­сіздікті сақтау,  ескірт­кі, қару-жарақ пен ад­ам саудасына тосқауыл қою, тер­роризммен және экстре­мизм­мен күрес екенін ешкім назардан тыс қал­дыр­ған жоқ. Қазақстан  үшін бұл бағыттар өте маңызды. 

ШЫҰ жиындарында бұрын терроризм мен экстремизге қарсы күрес  тақырыбы ұдайы көтер­ілетін. Соңғы жылдары Қ.Тоқаев­тың бұл қатарға сепаратизмді де қосқаны байқалады. Бұл құбыл­ыстарды Қазақстан Президенті «үш зұлым күш» деп те атады. «Қазақстан осы бағыт­тағы ықпал­дастықты ұдайы ны­ғай­туға ниетті. Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөн­ін­дегі сіздермен келісілген ынты­мақ­тастық бағдар­ламасы бұл бағытта жас­алған нақты қадам сан­алады. Өз кезегінде ШЫҰ-ның есірткіге қар­сы стра­тегиясы бойынша жұмыс­тың аяқталуы, терроризм­ді қаржы­ландыру арналарын бұғат­тауды қоса алғанда, есірткі қаупіне қарсы күресу үшін өзара қабыл­данып жатқан шараларды күшейте түседі. Осы жетіс­тік­тердің барлығы – Ұйым кеңіс­ті­гінде тұрақтылық пен қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету жөніндегі келісілген және нақты шаралар­дың айқын дәлелі. Бұл халық­аралық қатынастардың жаһан­дық архитектурасындағы ұстан­ымды нығайту, ШЫҰ-ның әлем­дегі беделі мен рөлін арттыру тұр­ғы­сынан да маңызды», – деді Мем­лекет басшысы.

Әрине, терроризм мен экстремизмнен төнетін қауіп аз емес. Оны жаһан елдері жақсы біледі. Бірақ соңғы жылдары сепар­атизм қаупі де артып бара жатыр. Сепаратистік пиғылдағы күштерді астыртын демейтін «ойын­шы­лардың» бар екеніне әлемнің өзге аймақтары түгілі, пост­кеңестік кеңістікте де  куә болып жүрміз. 2008 жылы Гүр­жістанда болған оқиға­лардың,  2014 жылдан бері Украинада жал­ғасып жат­қан  қақ­ты­ғыс­тардың қайнары сепаратистік  күш­терді  қолдау саясатына бар­ып тірелетіні жасырын емес. Қазақ­­стан квази мемлекеттік сепера­тистік құрыл­ымдарды  мой­ын­дамай­тынын ашық мәлімдеген. Екі жыл бұрын Санкт-Петер­бор­дағы халық­аралық экономи­калық форумда  Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бірқатар алпауыттары қолдап отырған Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны да тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның мойындамайтынын, сондықтан Донбасс пен Луганскідегі  құрылымдарға да  осы ұстаныммен қарайтынын атап өткені бар.  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерімен кездесуде терроризм және экстремизммен қатар сепаратизмді де атауы «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңданың» үлгісіндей көрінеді бізге. Өйткені ШЫҰ-ға мүше  елдердің арасын­дағы ірі мемлекеттердің жаһанда өз орны мен ықпалы бар. Қазір олардан қауіптенетіндер де аз емес. Бірақ Қазақстан ірі мемле­кет­тердің барлығымен тең құқы­лы серіктестік орнатуға мүдделі. Гео­саяси шиеленістерде қандай да бір блокқа қосылғанды құп көр­мейді. Сәйкесінше, осы ұс­танымға өзге­лердің түсініс­тікпен қарғанын қалайды. Президент сөзінен осындай емеуірін бай­қадық. Дипломатия тілі болса керек.

Айтпақшы,  ШЫҰ Сыртқы іс­­­тер министрлерімен кездесуде Қ.Тоқаев  Ауғанстанға  назар аударудың  маңызды екенін айтты. «Ауғанстандағы жағдай жіті назар аударуды қажет етеді. Бұл елде гуманитарлық дағдарыстың алдын алу және ұзақмерзімді тұр­ақты­лыққа жағдай жасау үшін күш біріктіру жұмыстарын жал­ғас­тырған жөн. Алматыда Ор­талық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөн­індегі БҰҰ-ның өңірлік ор­тал­ығын құру туралы Қазақ­станның бастамасын қолдау – өте өзекті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бәлкім қоғамда «Ауған­станға назар аударудың қажеті қанша?» дейтін сауал қоятындар да кездесер. Рас, бір қарағанда Ауғанстан Қазақ­станмен шекараласпайтын, «өз қазанында өзі қайнап жат­қандай» көрінетін мемлекет. Ал­айда  Ау­ғанстан ежелден Орта­лық Азияда өзіндік орны бар аймақ. Он­даған жыл бойы соғыстан көз аш­паған елде тын­ыш­­тықтың ор­нау­ына тұтас аймақ елдері, соның ішінде Қазақстан да мүдделі. Біз қазір көлік-логис­тикалық бағыт­тары­мызды ди­вер­­сификациялауға ұмтылып жатырмыз. Өнімдерді санаулы ғана бағыт арқылы алыс шетелдерге шығара алмай­ты­нымызға көзіміз жетті. Сон­дықтан Ресеймен қатар Қытай, Әзер­байжан, Иран бағытындағы көлік дәл­іздерін пайдалануға ұмтыл­амыз. Орталық Азия ел­дер­інен Ауған­станға,  әрі қарай Пәкіс­тан­ның Үнді мұхитындағы  порт­­­тар­ына  жетуге мүдделіміз. Ал бұл істе Ауғанстанның тұрақты болуы маңызды рөл ойнайды. Әрі Ауғанстан ШЫҰ-ға  мүше мем­лекет­тердің көбімен шекараласады және деюре ұйымда бақыл­аушы мәртебесі бар. Сондықтан  бұл елде тұрақтылық болғаны ұй­­ымға мүше мемлекеттің бар­лығына тиімді. Алдымен  эконо­ми­калық, соның ішінде көлік-транзиттік бағыт тұрғысынан пайдалы. Екіншіден, Ауғанстан  тер­роризм мен экстре­мизнің Орталық Азияда қайта өршуіне қолайлы жағдай қалып­тасқан ел. Дін атын жам­ылған террористер Орталық Азияға да, Ресейге де, тіпті Қытай мен Үндістан, Пәкістан, Иранға да қау­­іпті. Әсіресе, Таяу Шығыста АҚШ бас­таған  коалиция күш­тер­інің соқ­қысына ұшырап, қару­лы топтар­ының көп бөлігін Африка құрлы­ғына жылыстатуға мәж­бүр­ болған ДАИШ  ұйымының бір қанаты Ауғанстанда  орнығуға тырысып жатыр. ДАИШ-тың «Хорасан уәлаяты»  немесе ISIS-K деп аталатын қанаты Ауған­станда «Талибан» қозғал­ысына қарсы әрекет етіп жүр. Түпкі мақсаты – Кабулды басып алу, сөйтіп халифат құру. 2018 жылы «Талибан» осынау топтың Ауғанстандағы күштеріне қарсы ұрыс жүргізіп, біршама әлсір­еткен. АҚШ күштері де осынау содырларға біраз соққы берді. Бірақ топ толық жойылған жоқ. 2021 жылы «Талибан» Ауғанстан билігіне қол жеткізген соң да бұл топ Кабулде бірнеше рет жарылыс ұйым­дастырған. Иранда да теракт жасады. 2024 жылдың қаңтарында Иранда генерал Касем Сүлей­маниді еске алуға арналған іс-шара кезінде жарылыс жасап, салдарынан 103 адам өліп, 140-тан астамы жараланды.  Ал 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус Стит Холл» сауда-ойын сауық кешеніне шабуыл жасады. Салдарынан 130-дан астам адам мерт болды. Көптеген халық­аралық сарапшы «Хорасан уә­лаяты»  тобы Ресейді, АҚШ-ты, Қытайды, Иранды жау санайтынын мәлімдеген. Ал соңғы кездердегі оқиғалар желісіне қарасақ, осынау террористік топ «Талибан» қозғалысымен қандай да бір қарым-қатынас орнатқан мемлекеттерге тіс қайрайтыны бай­қалады. БҰҰ-ның 2023 жылғы есебінде «Хорасан уәл­аяты» тобының қарулы жас­ақ­тарындағы адам саны 4 мың­­нан 6 мыңға дейін жетуі мүмкін екені айтылған. Әрі Ауған­стан­ның 13 аймағында тірек пун­кт­тері мен «Ұйқыдағы ұя­шықтар» желісі бар деседі. Яғни, «Талибан»  қоз­ғал­ы­сы билікке кел­­гелі тын­ыш­талғандай көрінетін Ауған­станда іс жүзінде бейбітшілік орнай қойған жоқ. Ол елдің айма­ғынан экстремизм идеясын «экспорттаушылар» Орталық Азия мен Қазақстанға ағылуға қарсы емес. Одан бөлек, Ауған­стандағы жағдай күрт шиеленіссе біз жаққа қарай босқындар ағылуы мүмкін. Сон­дықтан Қазақ­стан басшысы Ауғанстан  мәселесіне үнемі назар аударып келеді.  Астанадағы кездесуде де ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерін бұл елдегі жағдай туралы құлаққағыс етуінің сыры осында деп білеміз. 

Қорыта айтқанда, Қазақстан өзінің экономикалық мүддесін  қор­ғау үшін, геосаяси шиелені­с­тер кезінде елге төнуі мүм­кін түрлі сын-қатерден сақ­тану­­дың барлық амал-айласын жасап жатыр. Ди­п­ломатиялық  маневр­лардың, көп­векторлы саясаттың ұтымды тұсы – осы. Халықаралық құқық­тық нормалардың сақ­талуы қа­н­ша­лықты маңызды ек­ен­і­не серік­тес­терінің назарын аударудан жал­ыққан емес. Тараз­ы­ның бір басына қауіп­сіздікті, келесі басына эко­номик­алық қар­ым-­қаты­нас­тарды тарта отырып әрекет жасап келеміз. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері бас­шы­­ларының шілдеде өтетін саммиті де, осы аптада болған сыр­тқы істер министрлерінің  кез­десуі де осы мүдде  тұрғысынан маңызды. Әйт­песе, жаһанда түр­лі атаумен талай жиын өткен, ал­да да бола береді.

Амангелді ҚҰРМЕТ