Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
© Сурет ғаламтордан
272
оқылды
Допты хоккейден Қазақстан құрамасы Иркутск қаласында өткен әлем чемпионатына қатысудан ресми түрде бас тартты, – деп хабарлайды РИА Новости. "Бүгін біз Қазақстанның допты хоккей федерациясының басшылығынан хат алдық, онда Қазақстан құрамасы Иркутск қаласында өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны жазылған", - деді жарыстарды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті дирекциясының жетекшісі, Иркутск облысының допты хоккей федерациясының президенті Владимир Матиенко. Оның айтуынша, Қазақстанның әлем чемпионатына қатысудан бас тартуы ел Үкіметінің коронавирустың таралуына байланысты спортшыларға ҚР аумағынан шықпауды ұсынуына байланысты. Допты хоккейден әлем семпионаты Иркутск қаласында 29 наурыз 5 сәуір аралығында өтеді.