Зауыт баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 24 мамырда болған.
Ақсу зауытында екі жұмысшыны күйік шалды
902
оқылды

Ақсу ферроқорытпа зауытының екі жұмысшысы термикалық күйік алып, ауруханаға жеткізілді,  хабарлайды Aikyn.kz.

"Жұмыс барысында екі краншы термиялық күйік алды. Зардап шеккен қызметкерлердің бірі Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді, екіншісі тексерілгеннен кейін үйіне шығарылды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды", – деп түсіндірді Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі.

Кәсіпорын жұмысшыларға қажетті көмек көрсететіні атап өтті. Зардап шеккен қызметкердің жағдайы, сондай-ақ зауытта не болғаны және жұмысшылардың неліктен жарақат алғаны әзірге хабарланған жоқ.

Желіде өндіріс орнында қою қара түтін тұрған фото пайда болды. Зауыт аумағында өрт шықты деген болжам бар.