Интернет-алаяқтар енді Шымкент әкімінің атын жамылып, ақша табуға ниеттенген.
Шымкент әкімі WhatsApp-пен хат жазып, "ақша сұрап жатыр"
2,804
оқылды

Бұл туралы қала әкімі әлеуметтік желі парақшасында жазып, тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шаһар басшысының жазуынша, WhatsApp мессенджерінде әкімнің атынан жалған хабарламалар тарап, тіпті ақша сұрап жатыр. 

«Бұл жалған! Мұны интернет-алаяқтары жібереді. Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша аудармауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Менің Instagram, Facebook әлеуметтік желісінде тек екі ресми аккаунтым бар. Мен барлық хабарламаларды тек жеке телефонымнан және ресми аккаунтымнан жіберемін. Егер сізге менің фотосуретім қойылған жасырын нөмірден қоңырау немесе хабарлама келсе, оған мән бермеңіз. Сақ болуларыңызды және арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймын», деп жазды Шымкент әкімі.