Қазақстандағы бензин бағасы мұнай нарығындағы жағдайға аса тәуелді емес - сарапшы
Қазақстандағы бензин бағасы  мұнай нарығындағы жағдайға аса тәуелді емес - сарапшы
© Сурет ғаламтордан
295
оқылды
Brent маркалы мұнайдың бағасы сауда-саттықтың ашылуында ОПЕК+ мәмілесі құлағаннан кейін бірінші жұмыс күні барреліне 31,43 долларға дейін құлдырады. Бұған дейін Brent 2016 жылдың қаңтарында 31,5 долларға дейін төмендеді.. Осы орайда бензин бағасына мұнай нарығындағы өзгерістердің әсері туралы "Нефть" журналының бас редакторы Гузэль Таиповадан сұрап көрдік. Сарапшы Қазақстан ішкі нарықты түгелдей отандық жанармаймен қамтамасыз етіп отырғандықтан мұнай бағасының құлдырауы бізге тікелей әсер етпейді деген пікірде.
"Қазақстандағы бензин бағасы әлемдегі мұнай бағасына аса тәуелді емес. Сондықтан мұнай бағасы тіптен құлдырап кеткен күннің өзінде бензин бағасы түспейді.", – дейді ол.
Гузэль Таипованың айтуынша Қазақстанда былтырдан бері ішкі нарықтағы сұранысты толықтай отандық өндіріс қамтамасыз ете бастады.
"Бұрын отыз пайызға дейін Ресей бензиніне тәуелді болатынбыз. Былтыр алғаш рет өз сұранысымызды толық қанағаттандырып, мұнай өнімдерін шекаралас елдерге де шығара бастадық. Тіпті Еуропаның кей мемлекеттеріне де сатып жатырмыз.  Керісінше, Ресейде бензин бізге қарағанда 20 пайызға қымбат. Сондықтан Қазақстан елден отандық жанармайды шығармаудың шараларын қабылдап жатыр", – дейді сарапшы.