Жастарға жылы киім мен шай берілді.
Алматы тауларында адасып кеткен қыз бен жігіт құтқарылды
992
оқылды

Алматы облысында осы түнде 112 нөміріне хабарласқан туристер құтқарушыларға өздерінің адасып кеткенін айтып, көмек сұраған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қолайсыз ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келді. Жаяу олар Лесная асуына қарай көтерілген кезде Украина азаматы болып табылатын жігіт пен қызды тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларды қауіпсіз жерге түсірді", - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Туристер 4 сағат ішінде табылғаны және олар медициналық көмекті қажет етпегені де нақтыланады.