Пойыз құрамында 40 маман – медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер бар. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласына келді
Фото: Атырау облысы жедел штабы
1,367
оқылды

1 мамырдан бастап еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтері және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл жоба Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатыр. 

Атырау облысы жедел штабының мәліметінше, әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай стансаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету. Облыстардың шалғай стансаларында тұратын азаматтардың жағдайы қиын және мұқтаж халықтың әртүрлі топтарына тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету және жәрдемдесу. 

Пойыз құрамында 40 маман – медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер бар. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар. Қажет болған жағдайда мамандар шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді. 

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары қаласында 26-28 мамыр аралығында аялдап, тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 09.00-18.00, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.