Бүгінде залалдың жалпы сомасы 114 миллион теңгеден асады.
ШҚО тұрғыны танысының 114 миллион теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен
691
оқылды

ШҚО тұрғыны 114 млн теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтық туралы өтінішпен полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, 2020 жылы танысы "кәсібім үшін қажет" деген сылтаумен оны үлкен сомаға алдап кеткен.

Ер адам әртүрлі бизнес түрлерімен айналысқысы келетінін яғни, қайта сату үшін автомобильдер сатып алу, металл өндіру үшін экскаватор сатып алу, азық-түлік жеткізетін фирманы, оны пайдалану үшін қымбат шетелдік машинаны сатып алатынын айтып, шебер айла-шарғы жасап, жаңылыстырып, жәбірленушіден ақша алғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, ол оған әйгілі брендтердің көшірмелерін сатуға көмектесуге уәде берген, бірақ оларды иемденіп алып, қайтармаған.

Бүгінде залалдың жалпы сомасы 114 миллион теңгеден асады. Полицейлер алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталды, ол бұрын сотталған және қазір осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазасын өтеп жатқан Өскемен қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу шараларын жалғастырып жатыр.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.