Мамырдың соңғы күндерінде ауа райы қандай болады?
Үсік жүріп, жаңбыр жауады: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
8,725
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 28-30 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кезекті циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар еліміздің барлық аумағында ауа райының қалыптасуына әсер етеді. Соған байланысты күн райы жаңбырлы болады. 

28 мамырда еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта оның арты дымқыл қарға айналуы мүмкін.

Ауа температурасы айтарлықтай жоғарыламайды.

Сонымен қатар, 28 мамыр күні батыста, солтүстікте және орталықта, 29-30 мамырда шығыста түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Республиканың батысында ғана жоғары қысым өрісі жауын-шашынның тоқтауына және түнде де, күндіз де ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне себепші болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.