Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген жалпы сомасы 12 млн теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды
Фото: egemen.kz
870
оқылды

Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елеусиновқа қатысты үкім жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап.

Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген жалпы сомасы 12 млн теңге қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Махмұтов, Сырманов, Елеусинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.