Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев палата бюросының отырысын өткіз­ді. Онда де­путаттар 30 мамыр күні өтетін Сенат отырысының күн тәр­тібін бекітті. Сондай-ақ осы ап­тада болатын іс-шараларды пы­сық­тады.
Ғылым және технологиялық саясат туралы заңдарды қарайды
410
оқылды

Сенаторлар палатаның алдағы оты­ры­сында алты заңды қарайды. Олардың қатарында «Орга­никалық өнім өндірісі және айналымы туралы» заң және оған ілес­пе «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне орга­ни­калық өнім өндірісі және айналымы мә­селелері бойынша өз­герістер мен то­­­лықтырулар енгізу туралы» және «Қа­­зақ­стан Республикасының Әкім­ші­лік құқық бұзу­шылық туралы кодек­сі­не өзгерістер мен толық­тырулар ен­гізу туралы» заңдар бар.

Аталған заңдардың нормалары отан­дық азық-түлік өндірушілерді ор­га­никалық өнім өндіруге ын­талан­дыру­­­ды және олардың сыртқы нарықта бә­­­­секеге қабілеттілігін арттыруды көз­­­­­­­дейді.

Сонымен қатар депутаттар ғылым са­ласының ст­ра­тегиялық, кәсіптік жә­не әлеуметтік мәселе­ле­рін шешуге, ғы­лыми кадрлар даярлауға лайық­ты жағ­дай жасауға, сондай-ақ ғылыми қыз­меткерді әлеуметтік қорғау кепіл­дік­терін іске асыруға ар­налған «Ғылым және технологиялық саясат тура­лы» заң­ды және оған ілеспе «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне ғы­лым және технологиялық сая­сат, платформалық жұмыс­пен қам­ту және мемлекеттік бақылау мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу ту­ра­лы» және «Салық жә­не бюджетке төле­нетін басқа да мін­детті төлемдер туралы» кодексде (Са­лық ко­дексі) және «Салық және бюд­жетке тө­ле­нетін басқа да міндетті тө­лемдер туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы ко­дексін (Салық ко­дексі) қол­данысқа ен­гізу туралы» Қазақстан Рес­­пуб­­ликасы заңына өзге­ріс­тер мен то­лықтырулар енгізу тура­лы» заңдарды қа­райды.

Одан бөлек, бюро отырысында Мә­жі­лістен ке­ліп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты Ко­ми­тет­терге бөлініп бе­ріл­ді.