«AMANAT» партиясы Жамбыл об­лыстық филиалының Саяси кеңе­сі кеңейтілген алқа оты­ры­сын өткізді. Жиында Ұрпақ тәр­бие­сі және оқушылардың құқық­та­ры мен қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мәселелері талқыланды.
Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі
842
оқылды

Өңірде биылғы жылдың соңғы үш айы­ның ішінде өңір бойынша әлеуметтік же­ліде жарияланған балаларға қатысты әлім­жеттік сипатындағы 4 құқық­бұ­зу­шы­лық анықталған. Байзақ ауданында – 2 жағдай, Сарысу ауданында – 1, Мер­кі ауданында – 1 жағдай. Мұның екеуі аса ауыр қылмыс болып тіркеліп отыр. 

Аталған тақырып аясында облыс әкім­дігі Білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов пен Полиция депар­та­менті Жергілікті полиция қызметі бас­қармасының бастығы, полиция пол­ков­нигі Серік Әлдибековтың баян­да­ма­сы тыңдалды. «Баланың қылығы түзде» де­генді алға тартқан жауапты мамандар оқу­шылар мен жасөспірімдер арасында өт­кен жылдармен салыстырғанда құ­қық­бұзушылықтың өскенін ашық айт­ты. Мәселен, осы жылдың 4 айының қо­­­­рытындысы бойынша, облыста кәме­лет­ке толмағандардың қатысуымен 27 қыл­мыс жасалса, бұл көрсеткіш өткен жыл­мен салыстырғанда 3,8%-ға артқаны анық­талып отыр. Бұл өз кезегінде ата-анал­ар арасындағы балаға деген жауап­кер­­шілікті арттыруды қажет ететін дүние екені айтылды. Жиын барысында кеңес мүшелері ата-аналардың бала тәрбиесіне нем­құрайлы қарауына жол берілмеу тура­лы пікірлермен қоса, ата-аналар инс­титутын қайта жаңғырту туралы ұсы­ныстар ортаға тасталды. 

Сондай-ақ мамандандырылған күзет қыз­метінің жұмысы да қатаң сынға алын­ды. Себебі күзет агенттіктері жауап­ты жұмысты мемлекеттік сатып алу ар­қы­лы төмен қаржыға ұтып алып, сапасыз қыз­мет көрсететіндігі белгілі. Бұл да өз ке­зегінде жауапкершілігі аса жоғары құры­лым болмақ. Дегенмен кей жағ­дай­да құрылым қызметі сапа жағынан өте төмен жағдайда екені айтылды. 

Алқалы отырыста партия облыстық фи­лиалы тарапынан кәмелетке тол­ма­ғандар арасындағы құқықбұзу­шы­лық­тың, зорлық-зомбылықтың алдын алу ша­раларын ұйымдастыруда ведомст­воара­лық бірлескен әрекеттестікті кү­шей­ту үшін жергілікті билік, құқық қор­ғау органдары, үкіметтік емес ұйым­дар мен ата-аналар комитетінің өзара ын­тымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.

Берік БЕК