Видеода келіннің бетін ашқан үлкен кісі шоколадтың жартысын өзі тістеп, жартысын келініне береді.
Ене мен келіннің беташардағы «тәтті сүйісі» елдің ашуына тиді
Фото: YouTube
5,396
оқылды

Елімізде өткен тойлардың бірінде келіннің бетін ашқан үлкен енесі мен жас енесі оған шоколад беріп, бір жағын өздері тістеген сәттің видеосы тарады, – деп жазды Aikyn.kz.   

Көпшілік бұл қандай «дәстүр» екенін түсінбей дал болды. Ақпарат көздерінің жазуынша, видеоны әлеуметтік желіде Әзима есімді қолданушы таратқан. «Кім не біледі?» деп сұраған ол таңданысын жасыра алмады.

Видеода келіннің бетін ашқан үлкен кісі шоколадтың жартысын өзі тістеп, жартысын келініне береді. Мұны келіннің енесі де қайталайды. 

Фото: видеодан кадр

Желі қолданушыларының бірі бұл келін мен ененің ауызбіршілігі мықты болсын деген ниетпен жасалған ырым десе, енді бірі бұл қазақта мүлде болмаған салт екенін жазып, той иелерін сынға алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.