Бүгін ауа райы қандай болады?
Жауын-шашын, үсік, жел: 28 мамырға арналған ауа райы болжамы
2,391
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін республиканың батыс бөлігі ауқымды аңтициклон ықпалында болғандықтан, өңірде күн ашық болады. Ал елдің өзге аумақтарында циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауып, түнде елдің солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, еліміздің шығысында жауын-шашын қар, жаңбыр жауады.

Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады, дауыл тұрып, солтүстік-батыста, шығыста түнде тұман түседі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының батысында, оңтүстігінде Алматы облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.