Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (бұдан әрі – ҚСЗИ) «Қазақстанның өңірлері: сын-қатерлері мен шешу жолдары» атты үшінші Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасын бастады.
Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы іске асады
573
оқылды

Бағдарламаның мақсаты – отандық жас зерттеушілердің сарапшылық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсету. 

Байқауға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы магистр дәрежесі, ғылыми журналдарда   жарияланымы, сондай-ақ кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 40 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.

Бағдарлама қатысушылары ҚСЗИ зерттеу бағыттарына сәйкес топтық және жеке талдамалық баяндамалар әзірлеуі қажет. Бағдарлама қатысушыларының зерттеу дағдыларын дамыту үшін арнайы тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Зерттеу бағыттары: ішкі саясат, әлеуметтік саясат, экономика, халықаралық ынтымақтастық.

Өтінімдер 2024 жылдың 1 мамырынан 1 маусымы granty.kisi2024@gmail.com  электронды поштасы арқылы қабылданады. 

Бағдарламаға қатысушылар 4 апта бойы жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың бағдарламаға қатысушылардың зерттеу тақырыптары бағыттары бойынша оқитын бірқатар оқу-әдістемелік тренингтер мен семинарлардан өтеді. Оқу модулін аяқтағаннан кейін бағдарламаға қатысушылары 8 апта ішінде уәждемелік эсседе көрсетілген тақырып бойынша жеке талдамалық баяндамаларды әзірлейді. 

Байқауға қатысу тегін. Үміткер бір ғана өтінім беруге құқылы. 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты, оның ішінде бағдарлама ережелері, өтінімдер және іске асыру мерзімдері  www.kisi.kz сайтынан оқуға болады.