Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының батысы, шығысы, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус үсік күтіледі.
Жаңбыр, қар, 3 градус үсік: 29 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
2,451
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауқымды антициклон Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында өз ықпалын сақтап, ашық, жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Еліміздің қалған территориясына алі де циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсер ететін болады,  найзағаймен жаңбыр, Алматы облысының таулы аудандарында, түнде республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік-батыста бұршақ, батыс, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Абай облысының батысы, шығысы, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус  үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысын, оңтүстік-батысы және орталығында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысының батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.