«AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлайды.
«AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» журналистер арасындағы республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
960
оқылды

«AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, «Адал азамат», жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы және т.б.

«AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.

Өтінімдер 28 мамырдан 20 маусымға дейін қабылданады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.

Тақырыбы бойынша номинациялар:

1)       «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;

2)       «Адал азамат» туралы үздік материал»;

3)       «Жастар туралы үздік материал»;

4)       «Аймақ туралы ең үздік материал»;

5)       «Партия жұмысы туралы үздік материал»;

6)       «Алаш» қозғалысы туралы үздік материал»;

7)       «Біз біргеміз» – су тасқынымен күрес туралы үздік материал».

 Арнайы сыйлықтар:

Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;

«Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы;

Қаныш Сәтбаев атындағы «Ғылым әлемі» сыйлығы.

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.

Байланыс үшін: 8-7172-70-76-25, 8-7172-70-76-28, 8-7172-24-95-02

Электронды  мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz

Журналистер арасындағы «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

 Жалпы ережелер

 1. Журналистер арасындағы «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) «AMANAT» партиясының (бұдан әрі – партия) қызметі туралы тұрғындардың хабардарлығын, журналистердің шығармашылық әлеуетін көтеру және ынталандыру, сондай-ақ журналистік қоғамдастықты елдегі саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында және бағдарламалық құжаттарында көрсетілген өзекті міндеттерді жария етуге тарту мақсатында өткізіледі.

2. Конкурстың міндеттері:

- партия мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (бұдан әрі – БАҚ) арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту;

- журналистердің назарын партия қызметін, сондай-ақ жаңа партиялық жобаларды жария етуге аудару;

- елдің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы туралы тақырыптарды жариялауға журналистердің назарын аудару;

3. Жеңімпаздарды анықтау мен сыйлықтарды беру Конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.

4. Комиссия құрамына партияның Саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партияның Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, белгілі журналистер, жазушылар мен әдебиеттанушылар кіре алады.

5. Конкурстық комиссия «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының шешімімен бекітіледі.

6. Конкурстың өткізілуін үйлестіру Конкурсты ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Оның құрамын партияның Атқарушы хатшысы бекітеді.

7.  Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміт білдірген барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін БАҚ-та жарияланады.

8. Конкурс жеңімпаздарының келесі конкурсқа кем дегенде 3 жылдан кейін қатысуға құқығы бар.

 2. Конкурсқа қатысу шарттары

9. Конкурсқа қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер шақырылады.

10. Конкурсқа еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруына, партиялық бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, партия бастамаларын іске асыруға арналған қоғамдық-саяси тақырыптағы материалдар, сондай-ақ партияның, оның филиалдарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, бастауыш партия ұйымдарының жастар саясаты мен күнделікті қызметі туралы материалдар қабылданады.

Конкурс материалдары түрлі жанрда қабылданады: очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер мен 2023 жылғы 1 шілде – 2024 жылғы 19 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан басқа да материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдары мен хабарлар.

11. Жарияланымдар  түпнұсқа  немесе материалдың ксерокөшірмесі түрінде (басылым атауы, күні мен автордың толық байланыс мәліметтері көрсетіліп) қолма-қол немесе пошта немесе электронды пошта арқылы ұсынылуы тиіс.

Аудиовизуалдық жұмыстар телевизиялық бағдарламалардың көшірмесі түрінде эфир анықтамаларымен бірге (cd/dvd дискілер, flash-таратушыларда) ұсынылуы тиіс.

Электронды  БАҚ журналистері интернет-сайтта орналастырылғанын растап, жарияланған материалдарының көшірмесін жолдауы қажет (қолы мен мөрі бар БАҚ басшысының немесе БАҚ бас редакторының анықтамасы).

Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Ұсынылған материалдарға міндетті түрде: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3x4 см фотосуреті (электронды  өтініш беру кезінде JPEG форматындағы файл жақсы сапада, 4-5 МБ), ақпараттық материалдардың тізімі қоса берілуі тиіс.

11.1. Конкурсқа материалдар электрондық пошта арқылы ұсынылған жағдайда мынадай талаптар қолданылады:

Газеттер үшін – Word форматындағы материал; материал жарияланған PDF форматындағы газет шығарылымының электрондық нұсқасы; қолы мен мөрі бар БАҚ басшысынан немесе БАҚ бас редакторынан анықтама.

Телеарналар үшін – Word форматындағы материал (суфлердің мәтіні, бағдарламаның сценарийі, материалдың мәтіні); эфирдің бейнежазбасы; БАҚ басшысынан не БАҚ бас редакторынан қолы мен мөрі бар анықтама.

Интернет-басылымдар үшін – материалға сілтеме; сайтта не өзге интернет-көзде материалдың бар екендігін растайтын экран (тек толық скрин қабылданады); қолы мен мөрі бар БАҚ басшысынан не БАҚ бас редакторынан анықтама.

Эфирге шыққан материалдың радио аудиожазбасы үшін – оның мәтіндік транскрипциясы; БАҚ басшысының не БАҚ бас редакторының қолы мен мөрі бар эфирлік анықтамасы.

12. Бір журналист 3 материалдан артық ұсына алмайды. Әр материалдың қандай номинацияға ұсынылатынын белгілеу керек.

13. Материал қабылдау 28.05.2024 басталады. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2024  жылғы
20 маусым Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00 дейін (алу күні).

Жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне хабарламада мерзімі көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Конкурс тақырыбына, ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

3. Конкурсты өткізу кезеңдері

14. Алдыңғы кезең.

БАҚ-та конкурс өткізу және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

15. Конкурсты өткізудің негізгі кезеңі.

Конкурстық материалдар конкурстың Ұйымдастыру комитетіне 2024 жылдың 20 маусымын қоса алғанға дейін жіберіледі. Конкурстық өтініштерді қарау регламентін Конкурстық комиссия анықтайды. Конкурстық комиссия өз жұмысының қорытындысы бойынша конкурс лауреаттарын айқындайды. 

16. Қорытындыларды шығару.

Жеңімпаздарды жариялау келесі 10 номинация бойынша конкурстың жалпы қорытындысын шығару аясында жүзеге асырылады:

Тақырыбы бойынша номинациялар:

«Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;

«Адал азамат» туралы үздік материал»;

«Жастар туралы үздік материал»;

«Аймақ туралы ең үздік материал»;

«Партия жұмысы туралы үздік материал»;

«Алаш» қозғалысы туралы үздік материал»;

«Біз біргеміз» – су тасқынымен күрес туралы үздік материал».

Арнайы сыйлықтар:

Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;

«Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы;

Қаныш Сәтбаев атындағы «Ғылым әлемі» сыйлығы.

17. Осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаз жеке табыс салығын есептемегенде 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде сыйақымен марапатталады.

4. Конкурстық материалдарды бағалау мен іріктеу рәсімі

18. Конкурс материалдарын бағалау кезінде мынадай өлшемшарттар басшылыққа алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестігі, материалдардың обьективтілігі, жаңалығы, қозғалған проблемаларды және оларды шығармашылық талдау тереңдігі, мәселені ашу дәйектілігі, нақтылығы және логикалық негізділігі, стилі, баяндау тілі, техникалық сапасы, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, жарияланымда және аудиовизуалды жұмыста жазылған ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы, журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі, сыртқы безендірілуі және материалдар тудырған қоғамдық резонанс.

5. Ұйымдастыру комитеті

19. Ұйымдастыру комитетінің:

- осы Конкурс туралы ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, үміткердің құжаттарын қабылдаудан бас тартуға;

- Конкурстық комиссия мүшелерінің белгілі бір үміткерге қатысты өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде конкурс нәтижелерін жоюға құқығы бар.

20. Ұйымдастыру комитетінің:

- барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;

- конкурсты өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;

- конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге міндетті.

 6. Конкурстық комиссия

21. Конкурстық комиссия:

 - конкурсқа келіп түскен материалдарды бағалайды;

- жеңімпаздарға сыйлықтарды табыстап, конкурстың қорытындысын шығарады.

22. Конкурстық комиссия:

 - барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;

  - конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге міндетті.

Конкурстық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысуына жол берілмейді.

23. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып табылады.

24. Конкурстық комиссия отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен тиісті шешім қабылдайды.

25. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

7. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

26. Конкурсқа қатысушылардың:

- конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

- Ұйымдастыру комитетіне осы Ереженің тармақтарын түсіндіру үшін жүгінуге;

- конкурсқа қатысу үшін материалдарды жіберуге құқығы бар.

27. Конкурс қатысушылары:

- конкурс нысанасымен алдын ала танысуға, конкурсқа қатысуға қойылатын талаптарды зерделеуге;

- осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды уақтылы ұсынуға;

- осы Ережеде көзделген шарттар мен рәсімдерді сақтауға міндетті.

28. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысудан мынадай жағдайда шеттетілуі мүмкін:

- материалдарда көрсетілген ақпараттың дәйектілік талаптарын бұзғаны үшін;

- осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен рәсімдерді сақтамағаны үшін.

 8. Медиа-ресурстар

 29. Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді партияның медиа-ресурстары, ақпараттық серіктестер қамтамасыз етеді. 

 9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

 30. Конкурсты ұйымдастыру комитеті: Астана қ., 010000, «AMANAT» партиясының Орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1, № 706, тел. 8-7172-70-76-25, 8-7172-70-76-28, 8-7172-24-95-02, media_premiya@amanatpartiasy.kz.

Жұмыс күндері, 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қоңырау шалуға болады.