Жәнібек бұл жекпе-жек келесі жылы болуы мүмкін екенін айтқан.
Жәнібек пен Канело жекпе-жекке қашан шығатыны айтылды
©PBC/Top Rank
4,730
оқылды

Орта салмақта WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) суперорта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қашан шыққысы келетінін айтты, деп жазады Aikyn.kz.

Vesti.kz жазғандай, Жәнібек бұл жекпе-жек келесі жылы болуы мүмкін екенін айтқан, алайда оған дейін қазақстандық орта салмақта барлық титулды жинап алғысы келеді. 

"Орта салмақта бірде-бір жақсы боксшы қалмады деп ойлаймын. Мен барлық төрт белбеуді тезірек жинап, Канеломен суперорта салмқата айқассам деймін. Бұл келесі жылы болады деп үміттенемін. Бірақ бір мәселе бар: Канело менімен айқасуға келісе ме? Көреміз!", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.