Оқиға «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында болған.
Қарағандыда жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді
708
оқылды

Қарағанды облысында трассада кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 27-шақырымында болған.

– Жолаушылар автобусының мотор бөлшегінің жануы болды. Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өздіктерінен шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада. 

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.