Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматыда терроризмді насихаттағаны үшін 2 шетелдік ұсталды
Фото: ҰҚК
1,153
оқылды

ҰҚК 2024 жылғы 28 мамырда прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеу мәліметі бойынша, олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.

Қазақстанға биыл келген. Тұрақты жұмыстары жоқ.

– Қылмыстық кодекстің 256-бабы  2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.