Құбырды салу жұмыстарына 20 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылды.
«Атырау-Астрахан» тасжолының астынан су өткізгіш құбыр салынды
Видеодан скриншот
1,117
оқылды

Еліміздегі республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» тасжолының астынан су өткізгіш құбыр салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қаладан 30 км уақытша салынған айналма жолды Байшақа өзегінен келетін су шайып кетті. Келген суды теңізге қарай кедергісіз өткізіп жіберу үшін бұл жер тағы 2 метрге қазылып, диаметрі 100 см болатын 6 құбыр салынды. Жұмыстар бір тәулікке жалғасып, дереу көлік қозғалысы үшін жол ашылды.

– Уақытша жұмыстар кезінде көліктер әлі пайдалануға берілмеген көпір арқылы қатынады. Тасжолға өр суы келген бойда кедергісіз Каспий теңізіне қарай өткізіп жіберу үшін дереу материал алдырып, жұмыстарды бастап кеттік. Бұл арқылы «Атырау-Астрахан» тасжолын нөпір су басу қаупін сейілтеміз, – деді Атырау облысы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басшысының орынбасары Азамат Қабдығалиев.

Су өткізгіш құбырды салу жұмыстарына 20 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылды.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.