Хатта күйеуі 8 жасар қызын зорлап жатқан жерінен ұстап алған әйелдің оқиғасы жазылған.
"Ауру мен саудың күйін кештім": Жұмыстан үйіне келген әйел күйеуін қылмыс үстінде ұстады
Фото: polisia.kz
9,402
оқылды

Заңгер, ҚҚ Human Rights Lawyers басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Хатта күйеуін 8 жасар қызын зорлап жатқан жерінен ұстап алған әйелдің оқиғасы жазылған.

«Сәлеметсіз бе, Ләззәт ханым! Мен 2010 жылы қазіргі сотталған куйеуіме, тұрмысқа шықтым. Ол адамды күйеуім деп айтудан жиіркенемін, есіме де түсіргім келмейді. Бірақ, шарасызбын. 2020 жылы 2 қарашада кешкі сағат 18:30 шамасында үйімізде қылмыстың үстінен түстім. Яғни, 8 жастағы туған қызын шырылдатып, зорлап жатқан жерінен ұстап алдым. Біздің төрт баламыз бар. Жәбірленуші осы бір тал қызымыз, мен ауру мен саудың күйін кештім. Ертесі үйге зорға жиналып, полиция шақырдым. Ол сол күні үйден қашып кетті. Екі күннен кейін полиция іздеп тауып, түрмеге қамалды. Осылай тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіледі.

2021 жылы көктемде Аудандық прокуратурадан тергеуші келіп, мені прокуратураға шақырды. Себебі, ол оңбағанның әкесі Қытайда болатын. Сол жақта жатып арыз түсіріпті. Олардың адвокаты сотқа қатысты. Сот арыздарын қабылдамады.

2021 жылы маусымда ол 20 жылға сотталды. Олар аппеляцияға шағым түсірді. Ол да қабылданбады. 2021 жылы қыркүйекте үкім күшіне енді.

Енді менің қызымды зорлағанның әкесі «немерелерімді көрсет» деп ЧС арқылы талап етті. Мен келісіп, «атасы ғой» деп балаларды жібердім. Ол шал мені балаларыма жамандап, «ол псих баламды өтірік соттатты» деп аузына келгенін айтқан. Балаларым «ол шалмен кездескіміз келмейді, көргіміз де келмейді» деп жылап отыр. Мен не істеймін? Менің балаларыма неге қысым көрсетеді оның әкесі?? Көмектесіңізші, Ләззәт ханым», – деп жазған хат иесі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.