Шешім ҚМГ акционерлерінің 28 мамырда өткен, жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша қабылданды.
Асхат Хасенов «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ төрағасы қызметіне тағайындалды
Фото: «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ
1,598
оқылды

Асхат Хасенов «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ төрағасы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Шешім ҚМГ акционерлерінің 28 мамырда өткен, жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Басқармадан басқа Асхат Хасенов ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.

2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.