Сотталушы мас күйінде пышақ қолданып, бірге тұратын әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген.
"Үйін өртеп кеткен": Алматы облысында әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды
Фото: istockphoto.com
680
оқылды

Алматы облысында әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелді және оның екі баласын өлтірді, қылмысты жасыру үшін үйін қасақана өртеп жіберді және мүлікті ұрлады деген айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 202-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы, 99-баптың 2-бөлігінің 1, 3), 5), 10)-тармақтары, 99-баптың 3-бөлігі, 188-баптың 1-бөлігі
бойынша).

"Сотталушы мас күйінде пышақ қолданып, бірге тұратын әйел мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта келіп, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген", – делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Сот сотталушыны өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.