Табысты журналистің өз лайфхактары бар.
Табысты журналистің негізгі құндылықтары
409
оқылды

Журналистика – кәсіби шеберлікті ғана емес, белгілі бір құндылықтарды да талап ететін қызықты әрі қиын мамандық. Осы жолда мақсаты – айқын, міндеті – зор тақырыптарды қаузап жүрген әріптесіміз, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Айғақ» телеарнасының редактор-журналисі Салтанат Тойболовамен сұхбаттастық. Табысты журналистің өз лайфхактары бар.

- Салтанат, тәжірибелі журналист әрі редактор ретінде бүгінгі уақыттың құндылықтарын қалай түсіндіріп беретін едің? Сен тәрбиелеген шәкірттер де өз биігін бағындырып жүр.

- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 8 маусымдағы Жарлығына сәйкес тағайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапатымен наградталдым. Мен үшін үлкен мәртебе болды. Алдымен әңгімемді осыдан бастайыншы. Бұл мәртебе журналистердің құндылықтарын одан әрі айшықтай түскенін айту керек. Өйткені бұл марапатты республикада санаулы адам ғана алды. Жалпы журналист кәсіби шеберлік пен жеке қасиеттерді шатастырып алмауы керек. Табысты журналист ағымдағы оқиғалар мен олармен айналысатын тақырыптар туралы білімді болуы тиіс. Ол ақпаратты іздеп, талдай білуі, әңгімелесу жүргізуі және фактілерді тексеруі тиіс. Жазу және редакциялау дағдылары арқылы ақпаратты анық және қысқа етіп ұсына білуі, дұрыс грамматика мен тыныс белгілерін пайдалануы, сондай-ақ олардың сапасын жақсарту үшін өзінің және басқа да адамдардың мәтіндерін өңдей білуі тиіс. Әр түрлі дереккөздермен жұмыс істей білу: Журналист интернет, баспа БАҚ, сарапшылар мен куәгерлер сияқты түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей алса үлкен жетістік. Ол дереккөздердің сенімділігі мен сенімділігін бағалай білуі және оларды объективті және сенімді материалдарды дайындау үшін пайдалануы тиіс. Міне осындай көпшілік мән бере бермейтін детальдар медиаменеджерге әрқашанда керек. Иә басшымыз жұмыстан жас журналистерді қабілетіне қарай тәрбиелеуге бекітіп береді. Бұл қалыптасқан үрдіс. Оқуда алған білім бөлек, тәжірибе жүзінде журналистің жауапкершілік жүгін арқалай алмай жарты жолдан карьераны тоқтататындар бар. Жүрек керек, сенімділік керек. Бұлар рухани құндылықтар.

- «Ауыл – ел бесігі», «Turkistan TOURISM», «Киелі мекен», «Ашық сұхбат», «Айғақ алаңында». Өзіңнің тікелей жетекшілігіңмен жарық көрген бағдарламалар. Мәні мен маңызы неде?

– Әр адамның ауылы бар. Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпеген дейтін әдемі тәмсіл бар. Ауыл адамдарының тіршілігін бүкпесіз, шынайы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы жеткізуге тырыстық. Түркістан облысында 900-ден астам елдімекен бар болса, 2 млн-нан аса тұрғыны бар. Сенесіз бе?! Өзі айналдырған 2 ай уақыттың ішінде 20-дан аса өз ерекшелігімен елге танылып отырған ауылдарды түсіріп, азаматтарын телеарнадан көрсете бастаған тұста, «Біздің ауылға қашан келесіңдер?» деп хабарласатын жұрт көбейді. Алтыдағы баладан еңкейген қартқа дейін көретін сүйікті бағдарламаға айналды. Тыныс-тіршілігімен танысты. Керегін іздеп баратындар көбейді. Бұл бағдарлама өңір байланысын нығайтты. Ауыл азаматтарын түсіру арқылы ел экономикасының дамуына, әлеуметтік жағдайдың түзелуіне, ауыл шаруашылығының өркендеп өсуіне үлес қосып отырған жандарды халыққа таныстырдық. Еңбегін ел алдына шығардық. Міне жетістік. Еліміз еңбек адамымен мақтанады. Соол еңбек адамдарының тірлігін бүкпесіз жеткіздік. Әрине бұл бағдарламалардың эфирге шығуы үшін шығармашылық топ жұмыс істеді. Жастарды үлгі алсын, өнегемізді көрсін деген мақсатпен бағдарламаны жүргізуді міндеттеп бердік. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Мақсатымыз орындалды.

Ал «Turkistan TOURISM»-нің орны бөлек. Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін шежірелі өлкеде халық көретін дүние көп. Соның інжу-маржанын теріп алдық. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Өткеніңді білмей, болашақты болжау қиын» дейді. Сол өткенімізді түгендеп, тарихи орындарды түсіріп шықтық. Жай ғана түсірген жоқпыз. Көрерменге рухани құндылығын жеткіздік. Тау-тасты аралап, теңіз деңгейін жаяу жүре отырып 1900 м биіктікке шыққан күніміз де болды. Телеарна үшін, көрермен үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Оның барлығы шығармашылық жұмыстарымыздың үлкен бөлшегі болып қалды. Сусіңген деп аталатын керемет жерге тағы да бар десе, табиғаттың ерекшелегін сағаттап айту үшін қайта биіктікке жаяу шығуға дайынмын. «Киелі мекен» де патриоттық ұстаным арқылы туған жерді қадірлеу, өлкеңді қастерлеу мақсаттарын орындады. «Ашық сұхбат» деп тақырыбы да айтып тұрғандай, елге танылған тұлғалардың жетістігімен бастан өткен оқиғаларын алаңда ашық талқыладық.

- Шабытың шарықтай берсін, Салтанат! Өзің секілді талантты журналистердің қатары көп болсын

 

Сұхбаттасқан Арайлым Әділхан