Сайлаушылар алдында есептік кездесу: Станислав Канкуров жұмыс нәтижелерін ұсынды

Алматыда «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Станислав Канкуровтың Бостандық ауданының сайлаушыларымен есептік кездесуі өтті.

Алматыда «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Станислав Канкуровтың Бостандық ауданының сайлаушыларымен есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында депутат тұрғындарға Алматы қаласы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы, сайлаушылардың талап-тілектерін орындау, сондай-ақ депутаттық қызметі туралы айтып берді. Кездесуге 150-ге жуық адам келді.

Мәселен, өмір сүру деңгейін арттыру және ШОБ-ті дамыту аясында 97,2 мың жұмыс орны құрылды, оның 75,6%-ы тұрақты жұмыс орындары.

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1100 тұрғын үйге несие берілді, сондай-ақ жыл соңына дейін 10 үйді (772 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала бойынша 612 аула абаттандырылды, оның ішінде аудан тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Бостандық ауданының 40 ауласы абаттандырылды.

25 км жаңа жол салынды, 200 км орташа жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін 20 қала маңындағы маршруттарды ашу жоспарлануда.

Ауданда қолжетімді білім беру мәселесі өзекті болып қала береді. Осы орайда, Бостандық ауданының «Акварель» тұрғын үй кешенінің 1 қабатында 300 орындық №189 мемлекеттік бөбекжай-балабақшасы ашылды.

Жыл соңына дейін 24 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде 21 жайлы мектеп жобасы аясында бой көтереді, оның 3-уі Бостандық ауданында орналасады. Сондай-ақ, 2 мың орынға арналған 5 қосымша ғимарат салыну көзделген. Қала бойынша өткен жылы Қайрат ықшам ауданында №211 мектеп салынды және №148, №48 мектептер мен №9 интернатқа қосымша ғимарат құрылысы аяқталды.

Жаңа стандарттар бойынша 2 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары (Әуезов, Жетісу аудандары) және 2 жаңа емхана (Әуезов, Жетісу аудандары) ашылды.

Сондай-ақ, «Қауіпсіз қалалық орта» бағыты бойынша Бостандық ауданында 1 өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды.

– Алматы қаласының салалық мемлекеттік органдарымен бірлесіп «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын тиімді және сапалы орындау бойынша барлық қажетті шаралар жүргізілуде. «AMANAT» партиясы үнемі диалогқа ашық, біз сайлау кезінде ғана емес, тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргіземіз. Бүгінгі таңда барлық депутаттық фракция мүшелері тұрғындармен кездесіп, атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесулерін өткізуде. Партия филиалдарында өздеріңіз жүгіне алатын 8 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Есігіміз әрдайым ашық, – деп сайлаушылар алдында Станислав Канкуров атап өтті.

Сайлаушыларды атқарылған жұмыс туралы хабардар еткеннен кейін депутат қала тұрғындарының жастарды жұмысқа орналастыру, Нұр-Алатау ықшам ауданындағы №189 мектепті жөндеу, «Акварель» тұрғын үй кешені жанындағы мектептің жетіспеушілігі, балаларға арналған шұғыл көмек көрсету орталығын салу,  Орбита-4 ықшам ауданындағы аулаларды жөндеу, Ерменсай ықшам ауданындағы сумен қамту мәселелері сияқты сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында туындаған барлық мәселелер бойынша депутат толық түсініктеме берді. Сондай-ақ, кездесу барысында партияның қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді, онда тұрғындар өтініштері мен ұсыныстарын жазбаша түрде қалдырды. Келіп түскен барлық сұрақтар партияның бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.