Мемлекет басшысына су тасқыны сал­дарын жоюға және зардап шеккен аза­маттарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар жөнінде баяндалды.
Су тасқынынан кейінгі ахуал
649
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің ай­туынша, 30 770 отбасыға 100 АЕК көлемінде бір­реттік төлем беру үшін 11 миллиард теңгеден аса қар­жы бөлінген.

Зардап шеккен аймақ тұрғындарын баспанамен қам­тамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жа­тыр. Жалпы, 15 103 тұрғын үй тексеріліп, 11 186 ны­­­санды бағалау жұмыстары аяқталды.

Қазір 432 отбасы бұзылған баспаналарының ор­нына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Атап айт­қанда, тұрғындарға Қостанай облысында – 225, Ақ­мола облысында – 83, Ақтөбе облысында – 76, Сол­түстік Қазақстан облысында – 40, Қарағанды об­лысында – 6, Павлодар облысында 2 баспана берілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына зардап шек­кен азаматтар үшін 1 862 жаңа үй салынып жат­қаны туралы мәлімет берілді. Мәселен, Батыс Қа­зақ­стан облысында – 394, Қостанай облысын-да  – 184, Атырау облысында – 48, Ақтөбе облысында – 494, Ақ­мола облы­сында – 273, Солтүстік Қазақстан облы­сын­да – 500, Павлодар облы­сында 5 тұрғын үйдің құ­ры­лысы жүргізіліп жатыр. 2 947 отбасына бас­панасын жөндеу және қалпына келтіру үшін өте­ма­қы төленді.

Олжас Бектенов зардап шеккен тұрғындарға аса қа­жетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатқанын айтты. 4 115 отбасы жалпы сомасы 1 миллиард теңге көле­­мін­де өтемақы алған. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің кө­лемі 2,3 миллиард теңгеден асқан.

Бұдан бөлек, тасқыннан зардап шеккен кәсіп­кер­лердің шығынын өтеу жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Аймақтық комиссиялар тексеру жұмыс­та­ры­ның нәтижесіне сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 өтінімін қарастырып, мақұлдады. Оған жалпы сомасы 21 миллион теңге бөлінді.

Жалпы, шығынды өтеу және құжаттарды өткізу тәр­тібін білу үшін 1 432 нөмірі бойынша жедел желі жұ­м­ыс істеп тұр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Ал­дын ала бағалау бойынша су тасқынынан 731 бизнес субъектісі зардап шеккен.