Түркияда жасалған білім реформаларының арқасында елдегі халықаралық студенттер саны артып келеді.
Президент Режеп Тайып Ердоған: Сіздердің әрқайсысыңыз Түркияның құрметті елшісісіздер
1,050
оқылды

Бұл жаңа ережелерді президент Режеп Тайып Ердоған мұқият қадағалауда және  қажетті жаңашылдықтар тиісті мекемелер тарапынан жүзеге асырылуда. Мәселеге назар аударған президент Ердоған халықаралық студенттерге қуанышты хабармен бөлісті.

ТҰРУ РҰҚСАТЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРДЕН АЛЫНАТЫН БОЛАДЫ

Шетелдік студенттердің Түркияда тұру рұқсаттарын ұзарту кезінде көрген қиындықтарына назар аударған президент Ердоған студенттердің енді иммиграциялық кеңсеге бармай-ақ, өздері оқып жатқан университеттен тұру рұқсатын ала алатынын мәлімдеді: «Халықаралық студенттеріміз белгілі бір кезеңдерде тұруға рұқсаттарын ұзарту керек. Иммиграциялық кеңсе берген бұл құжатты өңдеу процесінде қиындықтар көп болды. Бұдан былай елімізде қалған 300 мыңнан астам студент иммиграциялық кеңсеге бармай-ақ, өз университеттерінен тұруға рұқсат ала алады.  Жалпы медициналық сақтандыру туралы тағы бір ереже. Түркияда жалпы медициналық сақтандыру және денсаулық сақтау жүйесі – әлемдегі ең дамығандардың бірі. Біздің студенттер енді автоматты түрде жалпы медициналық сақтандырумен қамтылады», – деді. 

ОЛАРҒА ЖҰМЫСҚА РҰҚСАТ АЛУ ОҢАЙ БОЛАДЫ 

Студенттерге жұмыс рұқсаттары туралы қуанышты хабарды жеткізген президент Ердоған халықаралық студенттер мен түлектер үшін бұл мәселені шешуге уәде берді: «Жұмыс рұқсаттарына қатысты тағы бір маңызды ереже жасалды. Бұрын шетелдік студенттерге жұмыс істеуге рұқсат берілмейтін. Біз бұл мәселемен біраз уақыт бұрын жұмыс істей бастадық. Студенттер мен түлектер жұмыс істеуге рұқсат алу мәселесін жоямыз деп үміттенеміз», – деп хабарлады президент. 

МӘДЕНИЕТІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ

Білім саласында елдердің ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталған президент Ердоған : «Бір өркениеттің тұлғалары ретінде болашағымызды өзіміз анықтауымыз керек. Ана тіліңді, мәдениетіңді, тарихыңды қорға. Өз балаларымызға да осындай кеңес береміз. 300 мыңнан астам студентіміздің біреуінің мұндай қателік жасауына мен шыдай алмаймын. Біз өз балаларымыздың болашағын қалай ойласақ, сіздердің болашағыңызды да солай ойлаймыз», – деп насихаттады.

ТҮРКИЯ СІЗДІҢ ЕКІНШІ ОТАНЫҢЫЗ

Президент Ердоған түрік университеттерінде білім алған халықаралық студенттерге өз елінің «құрметті өкілдері» екенін, Түркияның әрқашан олардың екінші үйі болатынын айтты. Ердоған сөзін былай деп жалғастырды: «Ынтымақтастық сезімін тәрбиелеуді жалғастыра берсеңіз, біз қолымыздан келген көмек пен қолдау көрсету арқылы проблемаларды барынша азайта аламыз. Біз сіздердің әрбіріңізді өз еліңіздің көрнекті және құнды өкілдері ретінде көреміз. Түркияны екінші отаныңыз ретінде көргеніңізге өте қуаныштымыз. Сіз өз еліңізге оралған кезде сізді құрметті өкіл ретінде көретінімізге сенімді бола аласыз. Оқу бітіргеннен кейін де сізге тиісті мекемелер арқылы қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Осы желіні дамытқан сайын сіздің табыстарыңыздағы үлесіміз одан да арта түседі».

ТҮРКИЯ БІЛІМ ОРДАСЫНА АЙНАЛУДА

Түркияда оқитын халықаралық студент санының 300 мыңнан асқанын атап көрсеткен президент Ердоған алдағы кезеңде бұл санды 500 мыңға жеткізуді мақсат еткендерін білдірді. Ердоған сөзін былай деп аяқтады: «Бүгінде Түркияда әлемнің 198 түрлі елінен 340 мыңға жуық студент жоғары білім алуда. Студенттердің халықаралық ұтқырлығындағы үлесіміздің артуы қорқу емес, мақтануға тұрарлық нәрсе. Жақсы басқарылатын болса, түрік экономикасы, дипломатиясы және университеттері үшін үлкен пайда болады. Жылдар бойы Америка, Англия, Германия, Франция, Канада, Аустралия сияқты елдер бұл кәсіптің , былайша айтқанда майын тамызды. Дүниежүзіндегі 7 миллионнан астам халықаралық студенттің 70 пайызға жуығы қазір осы елдерде білім алуда. Түрік университеттерінің барған сайын мейман студенттер үшін білім беру ордасына айналғанын көреміз. Біз Түркия түлегі, түрік тілінде сөйлейтін және өздерін ұлтымыздың елшісі деп санайтын министрлер, іскер адамдар, академиктер мен саясаткерлерді кездестірудеміз».

 TÜRKİYE BURSLARI (ТҮРКИЯ СТИПЕНДИЯЛАРЫ) МЕН  ТЕГІН БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ

Президент Ердоған Түркия тарапынан берілетін Түркия стипендияларына назар аударып, осы гранттардың арқасында 70 мыңнан астам студенттің оқуын бітіріп, қазір өз елдерінде саясаткер, іскер, академик және бюрократ болып қызмет етіп жатқанын айтты. Ердоған сөзін былай деп жалғастырды: «Біз бұл бауырларымызбен ара-тұра елдеріне барған кезде кездесіп тұрамыз. Мен олардың жетістіктерін мақтан тұтамын. Түркия стипендияларымен қатар, дос және бауырлас елдеріміздің болашағына үлес қосуды мақсат еткен түрік «Маариф» қоры білім беру қызметін жалғастыруда. ТИКА мен Юнус Эмре институты да өз салаларында сәтті жобаларды жүзеге асыруда. Түркияда грантта да, өз қаражатымен де білім алып жатқан жастарымызды еліміздің ерікті елшісі ретінде көреміз. «Соңғы 12 жылда біз осы салада маңызды қадамдар жасадық: саны 76-дан 209-ға дейін өскен университеттеріміздің және қазіргі студенттік сыйымдылығы 8 миллионнан асқан білім беру ордалары арқасында, біз оқушыларға жақсы тұру және шәкіртақы алу мүмкіндіктерін ұсына аламыз».